"Раймның қолы алтын екен": Ерке Есмахан ұлының бөлмесін көрсетті

1098

Ерке Есмахан жаңа жасқа қадам басты.

"Раймның қолы алтын екен": Ерке Есмахан ұлының бөлмесін көрсетті Фото: erke_esmahan

Ерке Есмахан мен Raim ерекше әдемі етіп безендірген сәбилерінің бөлмесін көрсетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жуырда кішкентайлы болған Ерке Есмахан мен Raim-ның балаларына деген ықыласы ерекше. Олар сәбилерінің бөлмесін қалай сәндегендерін көрсетіп, желіге суретін жариялады. Суреттен бөлменің қабырғасына кішкентай аппақ қонжықтарды іліп тастағанын көреміз. Ерке Есмахан оның барлығын әкесі өз қоылмен жасағанын айтты.

"Шүкір дегеннен басқа айтарым жоқ. Барлық тілекшілерге алғысым шексіз. Әр шаңырақта тек қуаныш болсын. Әкесінің ұлына деп өз қолымен жасаған бөлмесі. Ал бүгін түнгі 00:00 де кешікпей менің де туған күнім кеп қалады. Құттықтаулар қабылданады", - деді әнші.

Сондай-ақ әнші Ерке Есмахан бүгін жаңа жасқа қадам басты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу