Райымбек Баталов соттағы өзіне қатысты деректерден кейін мәлімдеме жасады

535

Кәсіпкер үндеуін Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

Райымбек Баталов соттағы өзіне қатысты деректерден кейін мәлімдеме жасады Фото: Владимир Третьяков

Баталовтың айтуынша, ол мәлімдеме жасауға мәжбүр болған.

Бұған дейін Бишімбаев ісі бойынша сот отырысында сотталушының телефоны зерттелген. Сол кезде видеода Бишімбаев Салтанат Нүкеновадан "Райымбек Баталовпен көңіл қостың ба" деп дөрекі түрде сұраған дауыс естілген. Баталов бұл сөздің бәрін сандырақ деп атады.

"Достар, мен Бишімбаев ісіне қатысты сот процесі бойынша пікірімді білдіргім келмеген еді. Бірақ менің атымды кірлейтін сөздер мәлімдеме жасауыма мәжбүр етті. Сұмдық қылмыс жасады деп айыпталушының маған қатысты айтқан сөздері сандырақ. Бұған сенбеуді сұраймын, ал блогерлер мен БАҚ өкілдерін шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауын сұраймын", - деді ол.

Сондай-ақ ол Салтанат Нүкенованың туыстары марқұмның ар-намысы мен абыройына қатысты айтылып жатқан түрлі қауесеттерден қорғауға мәжбүр болғанына алаңдайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу