"Рақмет, анашым": Елордалық спортшылар ерекше челлендж бастады

138

Астаналық спортшылар аналарына алғыс білдірген құттықтауларын видеоға түсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

"Рақмет, анашым": Елордалық спортшылар ерекше челлендж бастады Фото: Астана әкімдігі

"Ана – әрбіріміздің өміріміздегі алғашқы және ең маңызды тәлімгер. Оның сүйіспеншілігі, қамқорлығы және қолдауы әрқашан сезіліп, қиындықтарды жеңуге көмектесіп қана қоймай, бізді алға жетелейді", - деді спортшылар анасына.

Олар барлығын #Рақметана #СпасибоМаме челленджіне қосылуға шақырды.

Челленджді қолдағандардың қатарында бокстан халықаралық турнирлердің чемпионы Әли Тоқтаров, кикбоксингтен спорт шебері Данияр Шымыров, қазақ күресінен спорт шебері Айбат Сейтен, дзюдодан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Ермұхан Естай, көркем жүзуден спортшы Эдуард Ким, сол сияқты хоккейшілер, тай боксшылары мен өзге де спортшылар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу