Рақымшылық елдегі қылмыстық жағдайды ушықтырмай ма?

1044

Министр осы мәселеге қатысты түсініктеме берді.  

Рақымшылық елдегі қылмыстық жағдайды ушықтырмай ма?

Халыққа есеп беру кездесуі барысында Әділет министрі Марат Бекетаев осы сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қылмыс статистикасы рақымшылық жасау туралы құжаттың нақты баптарына байланысты болады. Бұған дейінгі тәжірибеге тоқталсақ, ауыр қылмыс жасағандар рақымшылық іс-шараларымен қамтылмады және бізде сыбайлас жемқорлар үшін жаза бойынша ерекше нормалар қарастырылған. Сондықтан осы салаларда амнистияға байланысты жағдай ушығады деп ойлау қатғ. Себебі бұл заң жобасын дайындауға қатысатын заң шығарушылар мен құқық қорғау органдары барлық жағдай мен факторларды сөзсіз назарға алады", - деді министр.

Еске сала кетсек, ақпан айында Ішкі істер министрлігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының заң жобасын қоғам талқысына ұсынған болатын. Қоғамда бұл тақырып бірнеше айдан бері талқыланып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу