Қазақстанда сотталғандарды ұстау шарттары рақымшылық есебінен жақсартылады

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы жөнінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі осылай деді.   

Қазақстанда сотталғандарды ұстау шарттары рақымшылық есебінен жақсартылады Фото: aikyn.kz

Спикердің сөзінше, рақымшылық әлеуметтік әділеттілікті сақтау, ескерту және қалпына келтіру қабілетіне сенімді мемлекет күшінің көрінісі саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Заң жобаларының мақсаты – гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты әкімшілік рақымшылық жасау шеңберінде халықтың борыштық жүктемесін азайту. 

Сонымен қатар, Әкімшілік рақымшылық қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде уәкілетті орган (лауазымды тұлға) салған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтату тәртібін регламенттейтін нормалар көзделетінін атап өткім келеді.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рақымшылық жасау актісі қолданылған жағдайда атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негіздері көзделеді.

Бұл нормалар азаматтарға сот орындаушысына жүгінбестен мүліктен және банктік шоттардан шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік береді, – деді Қайрат Балабиев. 

Оның айтуынша, рақымшылық актісі негізінде атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, азаматтар атқарушылық санкцияларды төлеу және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қосымша шығыстардан босатылады. Ол бұл нормалар процедураны жеңілдетіп, халыққа қаржылық жүктемені азайтатынына сенімді. 

– Біздің құқықтық жүйеміздегі рақымшылық тек құқықтық механизм ғана емес, сонымен қатар маңызды профилактикалық құрал екенін атап өткім келеді. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Өз қателіктерін түсініп, түзету мүмкіндігіне ие бола отырып, адам қылмысты қайталамауға бейім болады, – деді Қайрат Балабиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу