Рақышев ресейлік банктің капиталын 1,2 млрд рубльге арттырады

874

Рақышев ресейлік банктің капиталын 1,2 млрд рубльге арттырады

Қазкоммерцбанктің еншілесі банкі – Москоммерцбанк акционерлік капиталды арттыру рәсімін бастады. Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметі мәлім етті.

Банктің ақпараты бойынша, оның пассивтері кем дегенде 1,2 млрд рубльге (6,4 млрдтеңгеге) толығады. Құнды қағаздарды тәртіптелген депозит талаптары  бойынша ресейлік "еншілестің" қарапайым акцияларына айырбастау арқылы жалғыз акционер Қазкоммерцбанк сатып алды. Бұл шешімді белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев төрағалық ететін  бас банктің директорлар кеңесі қабылдады.

Қазір Қазкоммерцбанк Ресейдің Орталық банкіне тиісті келісім алу туралы өтініш жіберіп қойған.

Қаржы ұйымының баспасөз қызметі мәліметі бойынша,  2016 жылдың қыркүйек айында банктің капиталы 1,4 млрд рубльге (7,5 млрд теңге) толықтырылған, қазіргі таңда капиталы 2,8 млрд рубльді (15 млрд теңге) құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу