Ramada Plaza бес жұлдызды қонақүйінің ғимараты Астана ішкі істер департаментіне берілді. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады Today.kz.
Бұрынғы қонақүйдің ғимаратына Астана ІІД "Байқоңыр" ауданы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері көшіп келеді.
"Осы күнді "Байқоңыр" ауданы мен Астана ІІД туған күні ретінде жазып қойсаңыздар болады. Ramada Plaza-ны әкімдіктің меншігіне өткізу шешімі қабылданды, бірақ әкімдік оны ІІД-ге беруді ұйғарды. ІІД Ramada Plaza-ға көшеді, бірақ қазір ол жақта жөндеу жұмысын бастаймыз, қызмет бабында бізге қолайлы болғаны керек. Бірақ ол жақта екі мекеме болады", – деді Қасымов.
Ramada Plaza ғимаратынан бірнеше мемлекеттік орган үміткер екені белгілі болған еді.