"Рамада Плазадағы" инфекциялық стационарға 500 көпфункционалды керует алынды

854

 Керуеттер дәрі-дәрмек штативтерімен жабдықталған. 

"Рамада Плазадағы" инфекциялық стационарға 500 көпфункционалды керует алынды

Олар барлық заманауи талаптарға сай, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан әкімдігі № 3 көпсалалы қалалық ауруханасының "Рамада Плаза" жұқпалы аурулар стационарындағы науқастар үшін 500 көпфункциялы керует сатып алды. Керуеттер дәрі-дәрмек штативтерімен жабдықталған. Пайдалануға өте ыңғайлы және еркін қозғалады.

Қазіргі уақытта астанада 4 мыңға жуық төсек-орындық 16 стационар жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Нұр-Сұлтанның ауруханалары мен емханаларына коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар түсті. Олардың ішінде 150 флуометр, 350-ден астам оттегі концентраторы, таяу күндері өкпені жасанды желдетуге арналған 50 аппарат келіп түседі. Жақын күндері қала ауруханалары мен емханаларына тағы 250-ден астам оттегі концентраты, 350 флуометр, 2 компьютерлік томограф және т.б. жабдықтар келіп түседі. Сонымен қатар, қаладағы дәріханаларға коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін 80 тоннадан астам дәрі-дәрмек түсті. Бұл гуманитарлық жүк саналмайды, дәріханалар желісі дистрибьютерлерінің қаржысы есебінен алынған. Әкімдік тарапынан оларға дәрі-дәрмекті сатып алуға қаржы бөлініп, көлікпен жеткізуге көмек көрсетілуде. Бүгін-ертең қалаға қосымша дәрілер түседі. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/23763

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу