Он екі айдың сұлтаны – Рамазан айының келуіне аз уақыт қалды. Ораза 23 наурызда басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz ҚМДБ материалдарына сілтеме жасап.
Қасиетті ай басталмас бұрын өткен Рамазан айынан өтелмеген қарыз күндерін өтеген жөн. Оразаның қазасын өтеуші күнделікті намаз кестесіне сүйену арқылы таң намазы кіргенде ауыз бекітіп, ақшам намазы кірген уақытта ауыз ашады. Сонымен қатар шама-шарқынша ақшалай түрде алынған қарыздарды қайтаруды да ұмытпаған жөн.
Үшіншіден, Рамазан айында орындайтын құлшылықтарға Шағбан айынан бастап ниеттенген жөн. Ол құлшылықтардың жоспарын алдын ала дайындау да артық етпейді. Төртіншіден, сананы артық ойдан арылтып, жаман әдеттерден құтылып, сөзді түзеген абзал.
Бұдан басқа ағзаны дайындап, асқазанды артық тамаққа толтырмаған дұрыс. Ол үшін қазірден бастап күн сайын ішіп жейтін тамақ мөлшерін біртіндеп азайтуға кеңес беріледі.
Ерте жатып, ерте тұруға үйрену – негізгі ережелердің бірі. Яғни, осы уақыттан бастап ұйқы режимін реттеген абзал.
Сондай-ақ, ішкі және сыртқы тазалыққа мән берген де жөн.