Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері бекітілді

1638

Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері бекітілді

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төралқа мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес, биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді.

Пітір садақаны бидайдан бөлек, құрманың, мейіздің, арпаның құнымен де беруге болады.

Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 грамға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.

Биыл Рамазан айы мамырдың 16-сы басталып, 14 маусымда аяқталады. Маусымның 9-нан 10-на қараған түні — Қадір түні.

Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу