Рамазан айында елорда мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды

739

Қалада Рамазан айына орай тегін маршруттар ұйымдастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Рамазан айында елорда мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды Фото: muftyat.kz

"22 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады. Сізге ыңғайлы болуы үшін бағдарлар тарауық намазы аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді", – делінген City Transportation Systems хабарламасында.

"Республикалық Бас мешіт" мешітінен жүретін автобус бағыты:

  • "Целинный" ықшам ауданы, Гребной канал, Республика даңғылы;
  • "Әзірет Сұлтан" мешітінен жүретін автобус бағыты:
  • "Спутник" супермаркеті, темір жол вокзалы, "Көктал-1, 2" тұрғын үй алабы;
  • "Әбу Насыр әл-Фараби" мешітінен жүретін автобус бағыты:
  • "Көктал-1, 2" тұрғын үй алабы, темір жол вокзалы, медициналық колледж арқылы өтеді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу