Рамазан айының құрметіне 2000 тұтқынға рақымшылық жасалды

913

Рамазан айының құрметіне 2000 тұтқынға рақымшылық жасалды

Дубай әміршісі мен Біріккен Араб Әмірлігінің президенті қасиетті Рамазан айының құрметіне ел түрмесінде отырған 2000 тұтқынға рақымшылық жасады. Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Нақтырақ айтқанда, БАӘ премьері әрі вице-президенті шейх Мұхаммед бин Рашид әл Мақтұм қасиетті айдың қарсаңында түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандардан 1014 адамды бостандықа шығаруға пәрмен берген. Бұған қоса, БАӘ президенті шейх Халифа бин Зайед  әл Нахайан тағы 977 жазасын өтеушіге рақымшылық жасау туралы жарлық берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу