Рамазан айы қашан басталады

1817

Осы жылы ораза 30 күнге созылады. 

Рамазан айы қашан басталады

2021 жылы Рамазан айы 13 сәуірде басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Орта Азия мүфтилерімен кеңесіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, осындай шешім қабылдадық. Биыл 30 күн ораза ұстаймыз. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қасиетті қадір түні. 13 мамыр – Ораза айттың бірінші күні", - деді бас мүфти орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл пітір садақаның мөлшері – 420 теңге. 

"Садақаның мөлшері облыстардағы 2 келі ұнның ең төменгі бағасының мөлшерінде бекітілді", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен қатар ол елімізде эпидахуалдың күшеюіне байланысты өңірлердегі діни рәсімдер "қызыл" "жасыл", "сары" деп белгіленіп, өткізілетінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу