Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов "Ақтөбеге" қайта оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін, Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы словениялық "Копер" сапында ойнады.
Сонымен қатар, 25 жастағы футболшы 2021-2022 жылдары бір жарым маусым ақ-қызылдар намысын қорғады.
Сондай-ақ, ол Ақтөбелік клубпен бірге Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, "Ақтөбеден" бөлек ол алматылық "Қайрат", литвалық "Даугавпилс", ресейлік "Чайка", павлодарлық "Ақсу", қостанайлық "Тобылдың" намысын қорғады.
1995 жылы Гана астанасы Аккра қаласында дүниеге келген ол Португалияның "Пасуш де Феррейра", "Униан Мадейра", "Арока", "Академика", Кипрдің "Неа Саламина", Гурузияның "Динамо" (Тбилиси) клубтарының намысын қорғады.