Рамазанға дейін ішімдік ішкен адамның оразасы қабыл бола ма?

480

ҚМДБ Құран аяттарын негізге алған. 

Рамазанға дейін ішімдік ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? Фото: ana tili

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазанға дейін ішімдік ішкен адамның оразасы қабыл бола ма деген мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құран аяттарын негізге алған мүфтият арақ-шарап ішудің дінде харам, үлкен күнә саналатынын еске салды. 

"Имам Науауи хадистегі "намазы қабыл болмайды" деген сөзді парызы мойнынан түседі, бірақ сауабы жоғалады деп түсіндірген. Демек намаз сауабының жоғалуы тәубе етпей, арақ ішуді доғармауына байланысты. Егер шынайы тәубе етсе, бұл жаза (намаздың сауабы жоғалуы) да оның мойнынан түсіріледі. Өйткені шынайы тәубе алдыңғы істеген күнә істі жояды. Осыған орай ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Оның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай болады. Ал ораза ұстап арақ ішуін доғармаса, оразасы дұрыс болады, бірақ сауабы болмайды. Арақ ішкені үшін күнә арқалайды", - делінген ҚМДБ таратқан ақпаратта.

Айта кету керек, осыған дейін биылғы пітір садақа мөлшері туралы жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу