"Рамстор Қазақстан" супермаркеттер желісі жабылады

964

Бір дүкенді сату мен алты дүкеннің жалдау шартын беру туралы келіссөздер басталды.  

"Рамстор Қазақстан" супермаркеттер желісі жабылады

ЖШС құрылтайшысы Migros Ticaret A.S. түрік компаниясы бөлшек сауда желісінің сатылымға шығарылғанын хабарлады. 

"Компанияны кеңейту және жұмыс жасайтын нарықта стратегиялық жоспар құру мақсатында "Рамстор Қазақстан" ЖШС бөлшек сауда желісін қайта бағалау жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта Қазақстанда жұмыс істейтін бір дүкенді сату мен алты дүкеннің жалдау шартын беру туралы келіссөздер басталды. Сонымен қатар дүкендердегі заттар қоры мен жабдықтарды сату көзделген. Алдағы сату немесе жалға беру жұмыстары Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органдарының мақұлдауымен жүзеге асырылады", - деп жазылған хабарламада.

Бұған қоса компания таратқан хабарламада 2020 жылдың I жарты жылдығындағы сауда желісінің нәтижелері көрсетілген. Осылайша елімізде орналасқан сауда желілерінің үлесі бас компанияның жалпы саудадағы үлесінің 0,8%-ын құрайтыны белгілі болды. 

Еске сала кетсек, бұл компания елімізде екі бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар сауда орталықтарын басқару және бөлшек сауда. Қазіргі кезде ЖШС Алматыдағы Ramstore All In сауда орталығын басқарады.

2017 жылы Еуропа қайта құру және даму банкі ЖШС-ға сауда желісін кеңейту мақсатында 5 жылға 11 млн доллар көлемінде несие бергені хабарланған. Сол уақытта Қазақстанда компанияның 20 дүкені болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу