Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров былғары қолғап шебері Артур Бетербиевке кәсіпқой бокстағы жеңісі үшін сыйлық жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Дүйсенбінің кешінде Мәскеуден әлемнің ең үздік боксшыларының бірі, жартылай ауыр салмақта абсолют әлем чемпионы Артур Бетербиевпен бірге ұшып келдім. Артур Бетербиевтің жеңісі мен осындай биік атақты иеленуі Шешенстанның тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанкүйер үшін де үлкен сый болды. Мен Артур Бетербиевке "Шешенстанның құрметті азаматы" атағын беріп, оған автокөліктің кілтін табыс етуге қуаныштымын. Біз сенімен мақтанамыз, бауырымыз", – деп жазды Рамзан Қадыров Telegram желісіндегі ресми арнасында.
Айта кетейік, 12 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен жекпе-жекте Артур Бетербиев төрешілердің бірыңғай шешімімен (114-114, 115-113, 116-112) Дмитрий Биволды жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды.