Рамзан Қадыров бүлікшілерді отбасымен бірге жазалауға шақырды

339

Дағыстандағы соңғы жағдайлардан кейін Рамзан Қадыров террорлық шабуылдар болған жағдайда қылмыскер шыққан отбасы мүшелерінің бәрін жазалау қажеттілігі туралы мәлімдеді. 

Рамзан Қадыров бүлікшілерді отбасымен бірге жазалауға шақырды Фото: РБК

Оның пікірінше, баласының әрекетіне отбасы толық жауап береді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Кішкене болсын күдік тудырды ма, онда руды жазалау керек. Әр адамның әрекетіне оның әулеті толық жауап беретінін бәрі білуі керек", — деді ол өзінің Telegram-арнасында жарияланған видеода.

Шешенстан басшысы республиканың әрбір тұрғынын террористік идеологияның зиянды әсерінен қорғау үшін жақын туыстарына ерекше қырағылық танытуға шақырды. Бұл мәселедегі немқұрайлылық ауыр қайғылы салдарға әкелуі мүмкін, деп ескертеді Қадыров.

Оның ұсынысын Ресей президенті баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та қолдап, лаңкестік жасағандарды қатаң жазалау керектігін атап өтті.

"Әңгіме терроризмді қолдайтындарға қатысты болды. Кез-келген адам қандай да бір жолмен, тікелей не жанама түрде террористік әрекетке қатыса бар болуы мүмкін. Террористерге қарсы күрес кешірімсіз және мүмкіндігінше қатал болуы керектігіне күмән жоқ", — деді Песков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу