Рамзан Қадыров тағы бір туысын басшылық қызметке тағайындады

169

Жаңа тағайындау туралы "Грозный-информ" мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлаған.  

Рамзан Қадыров тағы бір туысын басшылық қызметке тағайындады Фото: Грозный информ

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров тағы бір туысы - Иса Ибрагимовті мәдениет министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылдың мамыр айында Ибрагимов Шешенстан Үкіметі мен әкімшілік басшысының орынбасары болды. 

Жаңа тағайындау туралы "Грозный-информ" мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлаған. 

Иса Ибрагимов Шешенстанның жастар іші жөніндегі министрі болған. Артынша дене шынықтыру және спорт министрі болды. 

Айта кетейік, 2021 жылға дейін мәдениет министрлігін Қадыровтың үлкен қызы Айшат Қадырова басқарған. Айшат вице-премьер болып тағайындалып, министр қызметінен кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу