Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы бір жылдың ішінде оныншы наградасын алды

179

Бұл жолы оған республикадағы ең жоғары марапат - Ахмат Қадыров атындағы орден табысталған. 

Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы бір жылдың ішінде оныншы наградасын алды Фото: Asia Plus

Рамзан Қадыровтың спортшы ұлы оныншы наградасына ие болды. Награданың барлығын ол 1 жылда алып үлгерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, аралас жекпе-жекте бағын сынап жүрген 16 жастағы Адам Қадыров тағы бір мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл жолы оған республикадағы ең жоғары марапат - Ахмат Қадыров атындағы орден табысталған.

Бұл туралы ұлттық саясат және сыртқы байланыс министрі Ахмед Дудаев мәлімдеп, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

"Бұл - оның жоғары адамгершілік қасиеттері мен адалдығына берілген лайықты баға. Адам - нағыз мұсылман және шешен ұлтының өкілі ғана емес, ол өз халқының абыройын асқақтатып жүрген патриот", - деп жазды Дудаев.

Айта кетейік, Адам Қадыров былтыр Құранды өртеп ұсталған Никита Журавлевті түрмеге барып ұрған болатын. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған соң кіші Қадыровқа жан-жақтан мемлекеттік наградалар табыстала бастады. Бір жылдан астам уақытта Адам Қадыров дәл осындай он награда алып үлгерген. Тек былтырғы қазан айының өзінде оған үш бірдей орден тағылды.

Айта кетейік, Адам Қадыров аралас жекпе-жекпен де айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу