Шешенстан Президенті Рамзан Қадыровтың 22 жастағы қызы Айшат Қадырова мәдениет министрі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы bbc.com-ға сілтеме жасап.
"Шешенстан Республикасының мәдениет министрі ретінде Айшат өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, одан да жоғары нәтижеге қол жеткізетініне сенімдімін", – деп жазды Республика парламентінің спикері Магомед Даудов Instagram-да.
Осыған дейін Айшат Қадырова мәдениет вице-министр қызметін атқарған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу