Рамзан Қадыровтың жиені Шешенстанның көлік министрі болды

231

Шешенстан Республикасы Үкіметінің Мектепке дейінгі білім беру комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Рамзан Қадыровтың жиені Шешенстанның көлік министрі болды Фото: grozny.tv

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың жиені Адам Черхигов аймақтың көлік, байланыс және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Рамзан Черхиговтың орнына Адам Черхигов Шешенстан Республикасының Көлік, байланыс және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Бұған дейін Адам Шешенстан Республикасы Үкіметінің Мектепке дейінгі білім беру комитетінің төрағасы қызметін атқарған", - деді Рамзан Қадыров Telegram-арнасында.

Сондай-ақ, ШР Үкіметінің Мектепке дейінгі білім беру комитетін ШР Білім және ғылым министрлігінің құрылымына қосу туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, Адам Черхиговтың әкесі – Рамзан Қадыровтың әпкесі Зарганның күйеуі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу