Ран Бин-Шимон: Қазақстан мен Кипрдің деңгейі бір

770

Кипр құрама командасының бас бапкері Ран Бин-Шимон Қазақстан – Кипр ойыны алдында баспасөз мәслихатына қатысып, ойыншылардың деңгейіне қатысты пікірін білдірді.

Ран Бин-Шимон: Қазақстан мен Кипрдің деңгейі бір

"Жарыстың соңғы жағында аса қатты көп таңқаларлық нәтижелер тіркеле қоймайды. Себебі командалар бір-бірімен кездесіп үлгерді. Шама-шарқымызды біліп алдық. Қазақстан, Кипр, Шотландия секілді ұжымдар бір деңгейлес. Үшеуінің ойын мәнерлері өзгеше болғанымен, жинаған ұпайлары да, жіберген қателіктері де бірдей. Демек, бұл жарыста үшінші орынға талас қызу болады деген сөз",– деді Ран Бин-Шимон.

Журналистердің еурокубокте АПОЭЛ-дің "Астана Арена" стадионында екі рет ойнап, екеуінде де жеңіліс табуы сескендірмей ме деген сұрағына бас бапкер:  "Жоқ. Әлбетте бұл ойындар нақты болған, ендігі тарих қойнауына еніп кеткен кездесулер. Алайда, бұл АПОЭЛ емес, Кипр құрамасы. Футболшылар шамамен бір болғанымен, мұнда көңіл-күй мүлде басқаша болады. Клубтың аты клуб. Ал Ұлттық құрама дегеніміз ол одан жоғары тұрады. Мұнда елдік намыс, ұлттық абырой тұрады. Сондықтан да, ол ойындарды біз тіпті қаперге де алмаймыз",– деп жауап берді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу