Рашид Күзембаев Kazakh Tourism-нің басқарма төрағалығынан кетті

2035

Ол бұл қызметке 2017 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.

Рашид Күзембаев Kazakh Tourism-нің  басқарма төрағалығынан кетті

Күзембаев Рашид Талапұлы "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен босатылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Кузембаев Рашид Талапұлының жұмыстан өз еркімен босатылуы туралы өтініші қаралды. Өтініші қабылданғаннан кейін, ұлттық компания директорлар кеңесінің мүшелері Рашид Кузембаевқа атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, алда жетістіктерге жете беруге тілек білдірді.

Күзембаев Рашид Талапұлы 2017 жылдың қазан айында "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу