Ratovich Алматыдағы Қала күніне арналған концертте өнер көрсетеді

306

Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері мәлімдеді.  

Ratovich Алматыдағы Қала күніне арналған концертте өнер көрсетеді Фото: sxodim.com

Алматыдағы Абай алаңында 19 қыркүйекте Қала күніне арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеш барысында танымал қазақстандық пианист әрі композитор Ratovich, яғни Темірлан Бейсенбай өнер көрсетеді.

Ашық аспан астындағы концертте музыкант Michael Jackson, Sting, Ed Sheeran, Modern Talking, ABBA, Валерий Меладзе және Батырхан Шүкеновтің шығармаларын орындайды.

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырды.

Концерт 19 қыркүйек күні сағат 18:30-да Абай алаңында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу