Раушан көшеті тиелген жүк көлігі Ресей шекарасынан кері қайтарылды

1204

Жүргізушіде өсімдікті жіберуші елдің сертификаты болмаған.

Раушан көшеті тиелген жүк көлігі Ресей шекарасынан кері қайтарылды

Қазақстаннан Челябинсіге бара жатқан раушан көшеті тиелген көлік Ресей шекарасынан кері қайтарылды. Бұл туралы Россельхознадзордың Челябинск облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлады.

"2019 жылдың 2 сәуірінде "Бугристое" (Троицк) өткізу пунктінде Россельхознадзордың Челябинск облысы бойынша басқармасының қызметкерлері көшет тиелген көлікті Қазақстанға кері қайтарды. Тексеру барысында Челябинск облысына бағыт алған көлікте 500 раушан көшеті мен 6 алма көшеті бары белгілі болды", – ­делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, жүргізушіде өсімдікті жіберуші елдің сертификаты болмаған, Осылайша карантиндік талаптарды бұзған жүргізушіге әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жүк кері қайтарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу