Ravon брендінің ғұмыры қысқа болды

1104

UzAuto Motors GM-мен келіссөз жүргізіп Chevrolet брендін экспорттық нарықта пайдалану туралы шартқа қол қойды. 

Ravon брендінің ғұмыры қысқа болды

"Равон" 2013 жылы Daewoo деген атаумен ішкі нарыққа қадам басқан, ал 2015 жылдан бастап өз философиясы бар марка ретінде танылды. Автокөлік саласында Ravon шетелдік серіктестерден тәуелсіз болуды аңсайтындай еді. 2018 жылы "Узавтосаноат" америкалық General Motors-тың 25 пайыз үлесін сатып алған, артынша 2019 жылы GM Uzbekistan атауынан бас тартып, UzAuto Motors деген дардай атқа ие болды. 

Ал таяуда UzAuto Motors GM-мен келіссөз жүргізіп Chevrolet брендін экспорттық нарықта пайдалану туралы шартқа қол қойды. Жуық арада Nexia, Spark және Cobalt үлгілері Қазақстан, Ресей мен Беларусьте сатыла бастайды.

Қазақстандағы Ravon дилерлерінен автокөлік сатып алғандар UzAuto Motors сервистік орталықтарының қызметін пайдалануды жалғастыра бермек. Компанияның хабарлауынша, жаңа желі қазіргі кәсіпорындардың негізінде Chevrolet стандарттарына сәйкестендіріледі.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда Ravon маркасы 2016 жылы таныстырылған.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу