РБК банкі банкрот болмай-ақ, қолма-қол ақша бере алмай отыр

932

РБК банкі банкрот болмай-ақ, қолма-қол ақша бере алмай отыр

Қазақстандық РБК банкі өз тұтынушыларына ақшаны тек алдын ала өтінім арқылы беріп жатыр, деп хабарлайды naryk.kz.

Банк тұтынушыларының арасында жеке тұлғалар касса мен банкоматтан тек 100 мың теңгеге дейінгі соманы ғана, ал заңды тұлғалар 1 млн теңге ғана шығарып ала алады. Оның өзінде аталған сома тек теңгемен ғана беріледі.

Банктің колл орталығы мәселені "қолма-қол ақша берудегі уақытша қиындықтар" деп түсіндіруде.

Мәселеге қатысты Ұлттық банк та әзірге үнсіз отыр.

Айта кетейік, 2017 жылдың 23 тамызында S&P Ratings есебі бойынша аталған банктің ұзақмерзімді және қысқамерзімді рейтингі "В-/В" деңгейінен "ССС+/С" деңгейіне төмендеген еді.

Сала мамандарының айтуынша, банктің қазіргі жағдайын техникалық дефолт деп санауға болады. Өйткені, ешқандай банкротсыз қолма-қол ақша бере алмау банкті техникалық дефолт санатына кіргізеді.

Тағы бір айта кетерлігі, банктерді сауықтыру бағдарламасы аясында РБК банкі Ұлттық банктен 245 млрд теңге алғалы отыр. Ал Qazaq банкімен қосылғаннан кейін РБК-ның капиталы тағы 105 млрд теңгеге ұлғаюы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу