Рецептісіз босатылатын антигистаминді препараттар қатары артады

3283

Қазіргі таңда дәрі-дәрмекті рецептуралық түрде тарату жұмысына бақылау күшейтілген.

Рецептісіз босатылатын антигистаминді препараттар қатары артады

ҚР денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова аллергиядан емдейтін қандай препараттарды рецептісіз алуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Антигистаминді препараттар туралы айтар болсақ, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша сатып алу тізіміне енетіндер – негізінен гормональды препараттар. Тыныс демікпесі кезінде препаратты "Фармация" СК желісінен сатып алуға болады. Ал рецепт бойынша дәріханадан сатылып алынатын препараттардың барлығы кепілдендірілген тегін медициналық көмекке енбейді. Оларды халық өзі сатып алады", –  деді Людмила Бюрабекова.

Комитет басшысының айтуына қарағанда, қазіргі таңда дәрі-дәрмекті рецептуралық түрде тарату жұмысына бақылау күшейтілген.

"Пациенттерге қиындық тудырмау үшін алғашқы шығарылымдағы антигистамин препараттарының бір бөлігін рецептуралық бағыттан шығарып жатырмыз. Осылайша, адамдар аталған препаратты кедергісіз сатып ала алады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу