Ресейдегі Nissan зауыты Lada көліктерін шығаратын болады

656

АвтоВАЗ-дың бас директоры Максим Соколов Санкт-Петербургтегі бұрынғы Nissan автомобиль зауытының ертеңінен хабардар етті. 

Ресейдегі Nissan зауыты Lada көліктерін шығаратын болады Фото: img4.eadaily.com

Ресейлік автоконцерн өндірісті өз қажеттіліктеріне қарай рекордтық мерзімде қайта бейімдеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Деловой Петербург" басылымына сілтеме жасап.

"Тапсырма өте күрделі: зауытты қайта форматтауға тура келеді. Тек Nissan автомобильдерін шығаруға арналған зауыт қазір мүлдем басқа модельдер шығаруы тиіс болады, бірақ әдеттегідей бәрінтқысқа мерзімде бітіреміз деп отырмыз", - деді Соколов басылымға берген сұхбатында.

АвтоВАЗ басшысы бейімделудің күрделілігін компания үшін жаңа модельдер шығарумен түсіндірді. Санкт-Петербургте компания C және D класты машиналар, соның ішінде кроссоверлер мен седандар өндірісін ашпақ.

Сондықтан алдымен АвтоВАЗ достық қарым-қатынастағы серіктестерінің көмегін пайдаланады, олар зауытқа тек соңғы өңдеуді қажет ететін дайын машина кешендерін қояды.

"Келешегі жақсы: бұл алаңның максималды қуаттылығы - жылына 110 мыңнан астам автомобиль. 2024 жылы біз нарыққа Lada брендін ілгерілету жөніндегі міндеттерге байланысты 40-60 мың көлік өндіре аламыз", - деп қосты Соколов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу