Референдум-2026: Алматыда дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады

238

Іздеу үшін ЖСН енгізу қажет.

Референдум-2026: Алматыда дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияға қатысты жалпыұлттық референдум өтеді. Алматыда 654 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда дауыс беру мәселесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыру үшін бірыңғай Call-орталық жұмыс істейді.

1308 қысқа нөмірі арқылы:
• референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінен өзін тексеруге;
• дауыс беру учаскесінің нөмірі мен мекенжайын білуге;
• дауыс беру тәртібі бойынша кеңес алуға болады.

"Call-орталық күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты:
• open-almaty.kz сайтынан;
• @almaty_referendum2026_bot Telegram-боты арқылы алуға болады", – делінген әкімдік хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу