Референдум: 9 126 850 млн азамат дауыс берді

129

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Референдум: 9 126 850 млн азамат дауыс берді Фото: zakon.kz

Республика бойынша референдум барысында 9 126 850 азамат дауыс берді.

Оның дерегінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20-00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

1. Абай облысы бойынша – 75,45%. 
2. Ақмола облысы бойынша – 79,82%.
3. Ақтөбе облысы бойынша – 87,05%.
4. Алматы облысы бойынша – 71,46%.
5. Атырау облысы бойынша – 74,04%.
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,94%.
7. Жамбыл облысы бойынша – 85,06%.
8. Жетісу облысы бойынша – 78,49%.
9. Қарағанды облысы бойынша – 84,30%
10. Қостанай облысы бойынша – 81,21%.
11. Қызылорда облысы бойынша – 93,04%.
12. Маңғыстау облысы бойынша – 77,89%.
13. Павлодар облысы бойынша – 75,51%.
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 70,52%.
15. Түркістан облысы бойынша – 84,03%.
16. Ұлытау облысы бойынша – 73,15%.
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 86,42%.
18. Астана қаласы бойынша – 60,36%.
19. Алматы қаласы бойынша – 33,43%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 75,82%.

– Жалпы, сағат 20-00-дегі жағдай бойынша республиканың 9 126 850 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызын құрады, – деді Мұхтар Ерман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу