Аталған заң жобасының негізгі мақсаты – референдум кезінде қолданылатын бюллетеньдерді сайлау бюллетеньдерімен біріздендіру.
"Заң жобасы мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын... Заң жобасы келешекте өткізілетін референдумда пайдаланылатын бюллетеньдердің түрін сайлау өткізгенде пайдаланылатын бюллетеньдердің түрімен унификациялау арқылы азаматтардың техникалық қателіктерді жібермеуді көздейді. Бұл шара әр азаматтың дауыс беру құқығын тиісінше нақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді, әрі референдумның әділетті өтуіне зор ықпалын тигізеді", – деді депутат Мәди Елубаев.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдады.
Дәурен Ерболат