"Осы референдумды Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам деп қабылдауға әбден болады. Бүгінгі дауыс бері Президентіміздің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының жүзеге асырылатындығының айғағы. Өздеріңіз білесіздер, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елдің болашағына қатысты мәселелерде тек мемлекеттік органдар аясында ғана емес, халықтың қатысуын, шешімін маңызды деп біледі. Бүгінгі референдум АЭС-тің салыну-салынбауына қатысты болып отыр. Дегенмен бүгінгі дауыс беруді елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға арналған шара деуге болады", – деді ол.