Референдум күні балалардың тұсауы кесілді

167

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған "Тұсаукесер" рәсімі өткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Референдум күні балалардың тұсауы кесілді

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына елдік рух, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық дәстүрлерге құрмет сезімін қалыптастыру.

Енді қаз тұрып жүрген екі сәбидің тұсауы референдум өткен күні кесілді. Балалардың тұсауын ауған соғысы ардагерлері орталық кеңесінің төрағасы, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Қойлыбаев пен каратэден КСРО, Еуропа және әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әшім Қали кесті.

Референдум күні тұсауы кесілген екі баланың анасы Дінмұхамед Қонаев атындағы №60 мектеп-гимназия мұғалімдері. Олар референдум учаскесіне аты елге мәлім азаматтардың келетінін естіп, балаларына бата алуды қалаған.

Қатысушылар ұлттық дәстүрдің терең мазмұнын түсініп, ел болашағына жауапты азамат болып қалыптасудың мәні туралы ой бөлісті.

Мектеп ұжымы осындай тағылымды шаралар арқылы оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруды және қоғамдағы маңызды оқиғаларға бей-жай қарамайтын белсенді тұлға тәрбиелеуді мақсат етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу