Сенатор Ләззат Сүлейменованың айтуынша, Реформалар жөніндегі комиссия Конституцияның 91 бабының 2 тармағындағы Тұңғыш президенттің рөлін Конституцияда белгілеу қажет деген ұсынысты енгізген.
"Конституцияның 33 бабына енгізілетін өзгерістердің бәрі қарауға ұсынылды. Біздің кешегі алған ақпаратымызға сәйкес, осы реформалар комиссиясы Бірінші президенттің рөлі түсінікті, сондықтан оны Конституцияда белгілеу қажет емес деген ұсыныс берген екен. Оны Конституциялық кеңес кеше қолдап, қорытындысын шығарды", – деді сенатор Ләззат Сүлейменова бүгінгі отырыстан кейін.
Осы себепті сенаторлар Конституциялық кеңестің ұсынысын ескеріп, Сенат қайтадан заң жобасының редакциясын қарап, Мәжіліске жіберді.