Референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды

164

Олар айыппұл арқалады.

Референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды Фото: Улан Асаналиев

Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады.

Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалады.

Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi "Республикалық референдум туралы" және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарымен реттелетінiн түсiндiредi.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу