Референдумда 2 миллионнан астам қазақстандық дауыс беріп үлгерді

95

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Референдумда 2 миллионнан астам қазақстандық дауыс беріп үлгерді Фото: ОСК

Сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша, референдумда 2 393 844 азамат дауыс берген. Ал дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 461 796 адамды құрайды.

  • Абай облысы бойынша – 17,98%.
  • Ақмола облысы бойынша – 19,82%.
  • Ақтөбе облысы бойынша – 21,80%.
  • Алматы облысы бойынша – 18,10%.
  • Атырау облысы бойынша – 19,44%.
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 18,80%.
  • Жамбыл облысы бойынша – 18,49%.
  • Жетісу облысы бойынша – 21,01%.
  • Қарағанды облысы бойынша – 26,64%.
  • Қостанай облысы бойынша – 19,24%.
  • Қызылорда облысы бойынша – 24,02%.
  • Маңғыстау облысы бойынша – 18,53%.
  • Павлодар облысы бойынша – 16,36%.
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 18,72%.
  • Түркістан облысы бойынша – 21,21%.
  • Ұлытау облысы бойынша – 20,31%.
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 20,64%.
  • Астана қаласы бойынша – 20,68%.
  • Алматы қаласы бойынша – 9,54%.
  • Шымкент қаласы бойынша – 21,36%.

Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 19,21 пайызы. Дауыс беру белсенділігі жоғары өңірлер қатарында Қарағанды, Қызылорда және Ақтөбе облыстары бар.

Заң бойынша 1% артық бюллетень әзірленеді. Демек, 12 586 414 бюллетень болмақ. Алайда жыртып не бүлдіріп алса, азаматтарға жаңа бюллетень берілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу