Референдумда дауыс беру барысы қалай өтіп жатыр?

211

Бұл туралы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма бастығы Бекжан Қараманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Референдумда дауыс беру барысы қалай өтіп жатыр? Фото: Ольга Ибраева

"Республикалық референдум процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Бүгінге бұзушылықтың 2 фактісі анықталды. Біріншісі – жеке тұлғамен қоғамдық пікірге заңсыз сауал жүргізуге қатысты. Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігі бойынша жауаптылыққа тартылды. Оған тиісті айыппұл салынды. Екіншісі – заңсыз үгіт. Мұнда азаматтық тұлғаға қатысты осы кодекстің 102-бабы бойынша айыппұл салынды. Екі жағдайда да құқық бұзушылар өз кінәларын мойындады", – деді ол.

Өкіл дауыс беру күні мұндай сауал салуды таратуға және кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын баса айтты. 

"Қазіргі уақытта прокуратураларға референдумға қатысты жолданымдар мен сотқа талап-арыздар түскен жоқ", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу