Референдум өтіп жатқанда сауалнама жүргізіп және үгіт-насихат жүргізген екі азамат анықталды.
"Референдумда дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде. Бүгінде екі заң бұзу фактісі анықталды. Біріншісі, жеке тұлға мен қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізуге қатысты. Ол Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің 120 бабы 3 бөлігі бойынша жауапқа тартылды, яғни айыппұл салынды. Екіншісі, заңсыз үгіт жүргізу фактісі анықталды. Ол бойынша азаматқа жоғарыда аталған кодекстің 102 бабы бойынша айыппұл салынды", – деді Бекжан Қараманов.
Оның айтуынша, екі жағдайда да құқық бұзушылар өз кінәсін мойындады.
"Осы жайттарды ескере отырып, референдумға қатысушылардың назарын, дауыс беру күні, нақты айтқанда бүгін сауалнама жүргізіп, үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске саламыз. Қазіргі уақытта прокуратуралар мен сотқа референдумға қатысты арыз-шағым түскен жоқ. Прокуратура органдары мен республикалық референдум өткізудің заңдылығын қамтамасыз ету жалғасуда", – дейді ол.