Өнер азаматтарының саяси науқанға қатысуы халықтың бірлігі мен мәдени дәстүрлерін дәріптеудің айқын көрінісі болды.
Маңызды саяси науқан аясында өнерпаздар сайлаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын ән-жырдан шашу шашты. Түркістандықтар өздерінің тарихи және рухани тамырларына байланысын көрсетті. Ұлы көш керуенін символикалық түрде Қыдыр Ата бастап, дауысын берді.

Референдумға келген көпшілік алдында Қыдыр Ата бата беріп, өнерпаздардың орындауындағы ән-жырлар елдің бірлігін, мәдени мұрасын және азаматтық сананы дәріптеді. Бұл сәт халыққа саяси белсенділікті көрсетіп қана қоймай, ұлттық рух пен дәстүрлерді сақтап, келешек ұрпаққа үлгі болуда.

Түркістан қаласындағы мәдениет саласының қызметкерлері ұйымдастырған бұл шара референдумды мерекелік, әрі маңызды оқиға ретінде көрсетуге мүмкіндік берді. Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін одан әрі тартымды әрі есте қаларлық күйге енді.