Бүгінгі таңда прокуратура органдары мен соттарға мұндай өтініштер түскен жоқ.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов ОКҚ алаңында өтіп жатқан "Референдум – 2026" онлайн-марафоны барысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жалпы дауыс беру процесі құқықтық алаң аясында өтуде. Референдумды өткізу кезінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады", – деді ол.
Бекжан Қараманов заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырды.
"Бүгін дауыс беру күні үгітке тыйым салынғанын тағы да естеріңізге салғым келеді. Бұл талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-ші және 120-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", – деді Бекжан Қараманов.