Референдумды 177 шетелдік байқаушы бақылайды

243

6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтеді.

Референдумды 177 шетелдік байқаушы бақылайды Фото: inbusiness.kz

Алдағы референдумда 30 елден келетін 177 байқаушы ресми тіркелді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Барлығы 177 байқаушы ресми тіркеуден өтті, олар 30 шет мемлекеттен, оның ішінде 4 халықаралық ұйымның өкілдері. Сыртқы істер министрлігі референдум байқауына қатысу үшін 5 ірі халықаралық ұйымға, соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы, ТМД, ШЫҰ, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске шақыру жолдаған болатын", - деді Мұхтар Ерман Орталық референдум комиссиясының отырысында.

Айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының бас кеңсесінен өз миссиясын жібере алмайтыны жөнінде жауап келген. Оған алдағы айларда жоспарланған сайлауларға байланысты іс-шаралардың көптігі себеп болып отыр.

Қазір байқауға қатысатын халықаралық ұйымдар қатарында ТМД, ШЫҰ, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар.

Айта кететінін, шетелдік байқаушылар қатарында Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан Орталық сайлау комиссияларының төрағалары да бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу