Референдумды 260-қа жуық шетелдік байқаушы бақылайды

896

Бүгін Орталық референдум комиссиясы халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы үшінші қаулыны қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Референдумды 260-қа жуық шетелдік байқаушы бақылайды

"2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан Орталық референдум комиссиясы "2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады", - деп жазылған Орталық сайлау комиссиясы таратқан хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі аккредиттеуге 8 халықаралық ұйым мен 11 шет мемлекеттен 153 байқаушыны ұсынды.

"Оның ішінде: ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында – 30 байқаушы, ТМД Парламентаралық ассамблеясынан – 40 байқаушы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы парламенттік ассамблеясынан (ҰҚШҰ ПА) – 8 байқаушы, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан (ШЫҰ) байқаушылар миссиясының құрамында – 17 байқаушы, Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) референдумды байқау жөніндегі миссиясының құрамында – 20 байқаушы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан (ИЫҰ) байқаушылар делегациясының құрамында – 4 байқаушы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) пен Халықаралық түркі академиясынан – 3 байқаушыдан, Армения, Қырғызстан, Латвия, Мажарстан, Нидерланд, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Ұлыбритания, Швеция және Жапониядан – 28 байқаушы аккредителді", - деп жазылған хабарламада.

Нәтижесінде Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 258 байқаушыны аккредиттеді.

Аккредиттеуге ұсынымдардың түсуіне қарай байқаушылар туралы деректер жаңартылады.

Бүгін сағат 18:00-де халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу аяқталады.

Айта кетейік, 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстанда жалпы республикалық референдум өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу