Референдумға шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысуда

731

Мәселен Жазушы Смағұл Елубай №125 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп жазды inbusiness.kz.

Референдумға шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысуда

Ол референдумға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы деп санайды.

"Біз өзгерістерге және әділетті Қазақстанға дауыс береміз", – деді жазушы.

Сондай-ақ қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин референдум "халық пен елдің болашағын шешеді" деп атап өтті.

Сонымен қатар Шахматшы Жансая Әбдімәлік референдумда дауыс берді.

"Бүгін бүкіл Қазақстан үшін тарихи оқиға өтіп жатыр. Мен үшін референдумға қатысу – азаматтық ұстанымымды білдіру мүмкіндігі. Мен келіп дауыс бердім және өз таңдауымды жасадым", – деді шахматшы.

Алматыдағы дауыс беру учаскелеріне танымал әншілер де барды. Олардың қатарында Бағылан Әбдірайымов, Сәкен Майғазиев те бар.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу