"Менің ойымша, Үкімет белсенді жұмыс атқарып жатыр. Мемлекет басшысы ретінде мен берген тапсырмаларды жүзеге асыруда. Біздің жұмыс кестеміз өте тығыз, БАҚ арқылы елде атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар болып отырамын. Сонымен қатар министрлердің және үкімет басшыларының жұмысына қатысты кемшіліктерін айтып отырамын. Жеті ай – аз уақыт. Қазіргі үкімет құрамы өздерінің нақты жұмыстарын көрсетуі керек. Басты міндет – еліміздің экономикалық өсу көздерін іздеу", – деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкіметтің басты мақсаты – елдің экономикалық дамуының жаңа көздерін табу екенін атап өтті. Бұл міндет орындалмайынша, құрамның ауыстырылуы туралы сөз қозғау ертерек.