Реформа жөніндегі референдум Екінші Республика құруға құқықтық негіз қалыптастырады – Қарин

780

Реформа жөніндегі референдум Екінші Республика құруға құқықтық негіз қалыптастырады. Мұндай пікірді ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Реформа жөніндегі референдум Екінші Республика құруға құқықтық негіз қалыптастырады – Қарин

"Бүгін Президент ел Конституциясына өзгерістер енгізу жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды . Бұл - Мемлекет басшысының айрықша саяси маңызы бар маңызды шешімі. Конституциялық реформа жөніндегі референдум бұл - президенттік саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асырудың кезекті кезеңі. Бағдарлама жүйелі сипатқа ие және суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түбегейлі көшуді, бірқатар биліктік өкілеттіктерді қайта бөлуді, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы конституциялық тетіктерді күшейтуді қамтиды", - деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, бұл реформалар қоғам мен сарапшылардың сұранысы мен ұсынысына негізделген.

"Бұл жолғы Қазақстандағы референдумның ерекшелігі Президент өзінің өкілеттігін кеңейту үшін емес, керісінше биліктің басқа институттарымен оны қайта бөлісуге бастамашылық жасауында. Осылайша, конституциялық реформа жөніндегі алдағы референдум Екінші Республикаға – мемлекет пен қоғам өзара қарым қатынасына жаңа, барынша тиімді әрі теңгерімді моделіне құқықтық негіз қалыптастырады", - деді Ерлан Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу