Реформалар жөніндегі жоғары кеңес жекешелендірудің жаңа жоспарын бекітті

572

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңес жекешелендірудің жаңа жоспарын бекітті Фото: akorda.kz

"Мемлекеттің ел экономикасына аса көп араласуы – оның өсімі мен бәсекеге қабілеттілігін тежеп тұр. Мұның салдары жемқорлық пен лоббиге апарып соқты. Мемлекеттік кәсіпорындар әлі де көптеген секторда жетекші рөлге ие. Монополиялық жеңілдіктерді ие болып отыр. Осы мәселені реттеуіміз керек. Бұл ретте мемлекеттік басқару тұжырымдамасында квазисекторды азайтып, оның тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету көзделген. Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес жекешелендірудің жаңа жоспарын бекітті. Бұдан былай қатаң қадағалау болады", - деді Президент Қазақстан халқына жолдауында.

Айта кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу