Реформаны желеу етіп мал дәрігерлерін қысқартып жатыр – депутат

913

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мал дәрігерлерін қысқарту жүріп жатқанын айтып, алаңдаушылық білдірді.

Реформаны желеу етіп мал дәрігерлерін қысқартып жатыр – депутат

"Реформаны желеу етіп мал дәрігерлерінің еңбекақысын көтеру үшін олардың арасында қысқарту жүріп жатыр. Реформаны "міндетті түрде қысқарту" деп түсінуден аулақ болу керек. Кезінде "асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын" деген де реформа болған. Тәжірибесі мол дәрігерлерді қысқарта берсек, арты насырға шауып кетуі ықтимал", – деді депутат бүгін мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Оған жауап берген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев "қысқартуларға қарсы" екенін, керісінше мамандар жетпей жатқанын тілге тиек етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу