Регбиден халықаралық жарыста Қазақстан ерлер командасы жеңіске жетті

779

Жеңіс күніне арналған халықаралық бәсеке регби-7 бойынша ұйымдастырылды.   

Регбиден халықаралық жарыста Қазақстан ерлер командасы жеңіске жетті

Қазақстандық регбишілер Қырғызстанда халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Аталған жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан бірнеше командалар қатысты. 

Жарыс нәнтижесі бойынша Қазақстанның қос командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстан құрамасы аталған жарыста қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Алматының "Азияспорт-Динамо" мен Өзбекстан құрамасы арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Жартылай финалдық кездесуде алматылық команда 19:7 есебімен ұтылып жатып, қосымша уақытта 24:19 есебімен жеңісті қарсыласынан жұлып алды.

Ал финалда алматылық команда мен Қазақстан құрамасы кездесіп, Қазақстан айқын басымдықпен жеңіске жетті.  Үшінші орынға өзбекстандық құрама ие болса, Қырғызстан командасы төртінші орыннан көрінді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу